Начать продавать на Satu.kz
Корзина
3 отзыва
ВНИМАНИЕ! Для просмотра сайта из России используйте VPN.
г.Актау, 19 мкр., 20 дом, ЖК "Ханшайым", со стороны дороги. г.Атырау, пр-т Азаттык, 67 (со стороны ТЦ Агила), Актау, Казахстан
Добавить отзыв
Предметы быта из дерева
+7 (747) 518-40-25
+7 (705) 642-11-55

Ағаш бұйымдарына күтім жасау

Ағаш бұйымдарына күтім жасау

Ағаш ыдыстың күтімі туралы нұсқаулық.

Х Ыдыс жуатын машинаға жууға болмайды. Микротолқынды пешке қоймаңыз.

Х 4 сағаттан арттық суға салып немесе ыдыстың ішіне су құйып тастап кетпеңіз.

Х Қатты ылғал немесе қатты ыстық жерде сақтауға болмайды.

Х Күн сәулесі тікелей түсуден сақтаңыз. Ауа жібермейтін целлофан қалтаға сақтамаңыз, ашық қойсаңыз болады,бөлме температурасында.

Х Спиртпен немесе еріткіштермен сүртпеңіз.

Х Өнімді  жуғанда металл  щеткалар және дөрекі образивті ұнтақтар қолданбаңыз, кәдімгі жылы сумен жуып кептіріп алып қойыңыз.
 

V Кез келген температурада әр түрлі тағамдар салып беруге болады.

V Өнімдерді  бөлме температурасында сақтау керек.

V Кәдімгі жылы сумен жуып, кір сабын қолданып жууға болады, содан кейін міндетті түрде сүртіп, кептіріп алып қойыңыз.

V Егер ыдыс аяқты ұзақ мерзім пайдаланбасаңыз 6 айдан асса, ұзақ сақтауды қамтамасыз ету үшін оны міндетті  түрде майымен майлауды ұсынамыз, малдын майымен майлаған жақсы, әсіресе қойдын құйырық майын шыжғырып сонымен майлаңыз әдемі болады, немесе исі жоқ сапалы зәйтүн майымен ыдыстың ішінен ағаш кеуіп қалмау үшін. Егер үнемі қолдансаңыз, майлы тағамдар салынып тұрса онда арнайы майлап керек емес.

V Егер бөгде иістер пайда болса, ол үшін жаңа сығылған лимон шырының су мен араластырып қоспа дайындап сонымен жуып аламыз ыдысты немесе 1% сірке суына жуып алыңыз.
V Фабрика  «Блэк» өнімдері өте сапалы дұрыс пайдаланып және күтім жасасаңыз, ол сізге 50 жыл қызмет етеді және ұрпақтан ұрпаққа қалатың өнімдер.
 

Ағаш тарелкалар және кілейленген ыдыстарға күтімі

Астау күтімі сияқты нұсқаулықты ұстаныңыз.

X Суда қалдырмаңыз, тез жуып, құрғатыңыз.

X Ішіне сұйықтықты 1сағаттан артық қалдырмаңыз.

X Ыстық немесе салқын тағамдарға арналған, бірақ сұйықтығы бар тағамдарға арналмаған.
 

Кесе күтімі туралы нұсқаулық.

Астау өнімдеріне жазылған нұсқаулықты ұсынамыз және...

X Кесеге су құйып ұзақ уақытқа тастауға болмайды қолданғаннан кейін, жылы сумен жуып, сүртіп, кептіріп алып қойыңыз.

X Ұзақ уақытқа сусындар құйып, ұмытып кетпеңіз.

X Қайнап тұрған қатты ыссы сусындар құюға болмайды,тек мұздай және жылы 50-70 градустағы, сол уақытта ішіп тастайтын.

V Кеселер ашымалы сүт өнімдеріне және ет сорпасына арналған.
 

Ағаш жиһаздардың күтімі (сандықтар,үстелдер, шкафтар және т.б.)

X Ылғалдылығы жоғары, ауа кірмейтін бөлмелерде сақтамаңыз.

X Температурасы жоғары жерлерде, батареялардың жанында қалдырмаңыз,

X Температура мен ылғалдылық күрт озгеретін жерлерде (қоралар,жазғы асүйлерде) сақтамаңыз.

X Жиһаздың үстіне тұрмаңыз.

V Жылтыратқыштарды немесе жиһазға күтім жасаудың басқа өнімдерін (тек лакпен қапталған бөліктерде) пайдалануға болады.

V Дурыс пайдалану және сақтау кезінде  Блэк фабрикасының ағаш жиһаздары сізге 50 жыл қызмет етеді және ұрпақтан ұрпаққа мұра болып қалады.